Мәдениет

НЗМ-да кітап сыйлау шарасы өтті

Кітап әлемді бағындырады. Жергілікті Назарбаев Зияткерлік мектебінде осындай атаумен кітап сыйлау шарасы өткізілді.

Дәстүрлі шара Кітап және авторлық кұқық күніне орай ұйымдастырылды. Шараға бүкіл мектеп ұжымы белсене қатысты. Оқытушылар мен оқушылар бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйлаған. Барлығы 800-ге жуық туынды тарту етіліпті. Дені – классикалық жандардағы еңбектер.

Ақжан Байсбаева, Химия-биология бағытындағы НЗМ кітапханашысы:

– Бүгін мектебімізде дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай “Кітап әлемді бағындырады” атты акциясы ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі біздің акциямызға 600-ден астам оқушылар мен мектеп қызметкерлері қатысты. Соның ішінде дәрігерлер, техникалық қызметкерлер, IT қызметкерлері және мектебіміздің ұстаздары мен оқушылар қатысты. Барлығы бірлесе оқушылар мен қызметкерлер бір-біріне кітап сыйлады. Акциямыздың басты мақсаты – оқушылар мен мектеп қызметкерлерін кітапқа деген қызығушылығын оятып, оқу сауаттылығын арттыру болып табылады.

Дана Ешкенова