МТРА жаңалықтары

13 ауылдық округте әкім ауысты

Дүйсенбі күні саяси іс-шараның қорытындысы да жария етілді. Енді Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Аққайың ауылдық округін 84-ші жылы туған Мақсат Есжанов басқармақ. Бұған дейін білім саласында қызмет еткен азаматқа 595 адамның 554-і дауыс беріпті.

Кеше ауыл әкімдерін сайлау өңіріміздің өзге 12 елді мекенінде де ұйымдастырылды. Додаға 45 үміткер түсті. Оның 10-ы – «AMANAT», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясының» өкілдері, қалған 35-і – өзін-өзі ұсынғандар. Осы орайда жалпы қорытындыға кезек берейік. Топ жарған 13 атқамінердің 5-еуі – мемлекеттік қызметшілер, 2-еуі – бюджеттік ұйым қызметкерлері, 2-еуі уақытша жұмыссыздар болса, тағы соншасы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1-еуі – ІІМ-нің зейнеткері және 1-еуі – коммерциялық құрылым өкілі.

Дана Ешкенова