Әр түрлі

Петропавлда облыстық “Тіл шебері” байқауы өтті

Облыстық “Тіл шебері” байқауы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісі “Елтаным” деп аталады. Мұнда қатысушылар ортаға шығып экранда көрсетілген сурет бойынша қазақ елінің тарихын немесе ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын үш тілде баяндаулары тиіс. Ереже бойынша бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы қажет.

Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Махаббат Алхатова “Қазақ хандығы” тақырыбы бұйырды. Білімді де білікті ұстаз тапсырманы 3 тілде де оңай орындап шықты. Жалпы, нәзікжанды өмірінің 15 жылын ұстаздыққа арнаған. Ол аудан орталығындағы мектептердің бірінде ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге де шет тілін үйретеді.

Махаббат Алхатова, байқауға қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Тіл және мәдениет бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге ағылшыннан сабақ беремін. 1 топта 15 адам бар. Қазіргі жастар ағылшын тілін меңгеруге өте ынталы. Бұл байқаудың тапсырмалары өте күрделі. 01:48 Осындай тіл конурстарын жылда өткізіп, мемлекеттік тілді қолдау аясында және жастарды тіл үйренуге баулу қажет.

2-ші кезең – “Сөзтаным”. Мұнда қатысушалар қазақтың мақал-мәтелдерін орысшаға және ағылшын тіліне аударулары қажет. Міндетті түрде мақал-мәтелдің мағынасын қазақ тілінде жеткізу қажет. Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 2 минут.

Нәзира Беймақова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– 3-ші кезең – “Ойтаным”. Қатысушыларға берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазу қажет. Көлемі 1 беттен аспауы тиіс.

Жалпы, облыстық “Тіл шебері” байқауында 9 қатысушы бақ сынады. Біреуі петропавлдық болса, қалғаны – аудан өкілдері. Сайысқа қатысқандардың барлығына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Дана Ешкенова