ТЖ

Өңірде жыл басынан 175 өрт оқиғасы тіркелді

Соңғы аптада облыста 36 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге көп. Мамандардың сөзінше оқыс жағдайлардың көбі жеке тұрғын үй секторында болады. Қураған шөп пен құрғақ қамыстың жануы да жиілеп кетті. Ағымдағы жылы мұндай 205 дерек тіркеліп отыр.

Марат Сыздықов, СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Қураған шөптің жануы облыс орталығында жиіледі. Бұл күндері өрт сөндірушілер «жоғары дайындық» режимінде жұмыс істеді. Тәулігіне мамандар құрғақ шөпті сөндіруге 30-40 рет шықты. Абырой болғанда, бұл жайттардан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал Қызылжар ауданында жыл басынан 25 өрт тіркелген. Оның ішінде 9-ында құрғақ шөп пен қамыстың жанған. Абырой болғанда бұнда да қызыл жалыннан ешкім зардап шеккен жоқ.

Аслан Ахметжанов, Қызылжар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:

– Қызылжар ауданында от 65 гектар жерді шарпыды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ауданда 9 шұғыл топ құрылған. Мамандар 6 рейд өткізіп, 11 заңбұзушыны ұстады. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Облыста жыл басынан бері тіркелген өрттің жалпы саны 175-ке жетті. 14 адам қаза тауып, 6 адам түрлі дене жарақатын алған.

Алдияр Айтпаев