МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

СҚО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы 4,57 ұпайды құрады.

Өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізген бейінді агенттік мамандары осындай қорытынды шығарды. Мұндай қоғамдық бақылаудың басты мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Жалпы, қызмет 5 балдық жүйемен бағаланады екен.

Болат Еңсегенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

– Жергілікті атқарушы органдардың рейтингісінде Қызылжар ауданы көш бастап тұр. Одан әрі М. Жұмабаев, Жамбыл, Есіл аудандары. Веб-портал арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер рейтингінде ең көп балға Жамбыл, Айыртау, Тимирязев, М.Жұмабаев, Уәлиханова аудандары ие болды.

Дана Ешкенова