Әр түрлі

Петропавлда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Демалыс күніне қарамастан ауылдың құрт-майын, етін сағынып сатып алуға келген қалалықтардың қарасы қалың. Келушілер табиғи таза өнімдерді алуға асық. Себебі, жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтыкінен 15-20 пайызға төмен. Сапасы да тұрғындардың көңілінен шығып жатыр.

Сүт, ірімшік, май-қаймақ, жұмыртқа. Ет те молынан. Сиыр мен қой еті, құс еті де бар. Таңдап жүріп алуға болады. Бал да көп. Ауылдан жеткізілген өнімдердің бағасы да жақсы, сапасы да жоғары. Ақжарлық Самал Қаскенова жәрмеңкеге сүт, айран, ет пен жұмыртқа әкелген. Тіпті, өз өнімін белгіленген бағасынан түсіріп те сатып жатыр.

Самал Қаскенова, Ақжар ауданының тұрғыны:

– Бүгінгі күні жәрмеңкеге қатысып, әкелген продукцияларымыз: айран, сүт бар, ірімшік, жұмытрқа. Міне, Ақжар ауданынан ет әкеліп жатыр, қара малдың еті бар, құстың еті бар, сары май – сол әкелген өнімдеріміз. Бізге мында бағаны қояды, сол бағамен сатып жатырмыз, ірімшікті 950 дейді, өзімдікі болғасын арзан бағамен сатып жатырмын.

Жәрмеңкеде 1-ші санаттағы жұмыртқаның ондығы 300 теңгеден сатылып жатыр. Ал сиыр етінің келісі – 1750 теңге, картоп – 120, балық 450 теңгеге бағаланған. Бұндай жәрмеңке облыс орталығында әр апта сайын үзбей өткізіліп тұрады.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Бұл жәрмеңке әрбір сенбі сайын жыл бойы өтеді. 04:53 Өткен жылдар пандемия болды, тоқтатылып қалды. Өткен жылы күзде, қыста өткіздік желтоқсан айында. Мұнда өз өнімдерін әкелген аудандар: Мамлют ауданы, Ақжар ауданы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Тимирязев ауданы, Есіл ауданы, Жамбыл ауданы.

Осы жолы 7 ауданның тауарөндірушілері 6 тонна көлемінде ауылшаруашылығы өнімін әкелген. Соның 1 жарым тоннасы – сүт, 2 тоннасы – ет. Көкөністің салмағы 1 тоннадан асады. Балдың – 220, балықтың 450 келісі сатылды.