Спорт

Ардагерлер арасында бильярдан турнир өтті

Петропавлда ардагерлер арасында бильярдан турнир өтті. Жарысқа әуесқой және кәсіби спортшылар қатысты. Барлығы – сайыста 9 адам бақ пен бап таластырды.

Бильярд клубына тек тәжірибелі ойыншылар жиналған. Мұнда спорттың бұл түрін енді меңгеріп жүргендер жоқ. Виктор Денисенко – турнирге қатысушылардың бірі. Самбодан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері бильярдты сонау 90-шы жылдардан бері ойнап келеді. Тіпті, екі жыл қатарынан облыс чемпионы атаныпты. Зейнетке шыққаннан кейін Виктор Николаевич шеберлігін одан әрі шыңдай түскен.

Виктор Денисенко, турнир қатысушысы:

– Көп турнирге қатыстым. Жуырда “Солтүстік Кубогінде” бақ сынадық. Жарыста ардагерлерден құралған командамыз 4-ші орын алды. Өте мықты өнер көрсетті. Мамыр айында осындай сайысты зейнетке шыққан полиция қызметкерлері арасында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бильяр шыдамдылық, төзімділік пен психологиялық дайындықты талап етеді. Жарыс басталмас бұрын қатысушылар әзірліктерін бір пысықтап, кейін жеребе тартуға аттанды.

Жарыс айналым жүйесі бойынша өтіп жатыр. Қатысушылар кубок және медальдар үшін бақ пен бап таластыруда. Ал, жеңімпазға жиналмалы кий сыйға тартылмақ

Азат Садықов, турнир төрешісі:

– Бүгінгі турнир танымал бильярдшы Табиғат Әлімовтың құрметіне ұйымдастырылды. Спортшы барлығының есінде. Алдағы уақытта мұндай жарыстарды жиі өткізетін боламыз.

Қалалық турнирге барлығы 9 адам қатысты.

Эльмира Садвокасова