МТРА жаңалықтары

Теміртаудағы зауыт Петропавл 2-ші ЖЭО-ына қажетті бөлшектерді шығаруды қолға алды

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов «СЕВКАЗЭНЕРГО» өкілдерімен бірге Теміртаудағы «Корпорация «КазЭнергоМаш» серіктестігінде болды. Аталған кәсіпорынның қазандық қондырғыларын жобалау, салу және қайта құру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. Орталық Қазақстандағы өндіріс ошағының өнімдері алдағы уақытта біздің өңірге де жетпек. Зауыт Петропавл 2-ші ЖЭО-ына қажетті бөлшектерді шығаруды қолға алды.

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің «Facebook» парақшасында хабарлады. Кәсіпорынның 100% қуаты тек шаһардағы станцияның тапсырысын орындауға жұмсалады. Сонымен қатар, қазандық бөлшектерін жасау үшін Петропавл ауыр машина жасау зауытын пайдалану қарастырылуда екен. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар орталықтың жабдықтарын уақытылы жөндеп, келесі жылыту маусымына дайындауға мүмкіндік береді.

Байболат Култанов