МТРА жаңалықтары

Облыстық полиция департаментінде ардагерлердің қатысуымен жиын өтті

Тергеу қызметі, қылмыстық іздестіру мен мемлекеттік автоинспекция ардагерлері.
Полиция департаментінде өткен жиынға өңірде жылдар бойы қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз еткен тәжірибелі офицерлер жиналып отыр. Ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов жедел-қызметтің жұмысты тиімді ұйымдастыруда алдыңғы толқынның атқаратын рөлі орасан зор екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынды тәрбиелеуде, бағыт-бағдар нұсқауда.

Абылғазы Ғабдуллин, СҚО ПД кадрлық саясат басқармасының бастығы:

– Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан мен ішікі істер органдарында бастауыш 20 ұйым бар. Оған 2 мыңнан астам зейнеткер біріккен, соның 500-ге жуығы Ұлттық ұлан ардагерлері болса, қалғаны – полиция ардагерлері. Төрағалардың барлығына тиісті жұмыс жағдайлары жасалған.

Жиын барысында ардагерлер қауымы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген мамандардың материалдық-техникалық тұрғыда қамтылу қарқынын сұрады.

Айдын Байматов – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– 2021 жылы учаскелік инспекторларға арналып шетелдік 76 қызметтік көлік сатып алынды. Сондай-ақ, оларға 226 жеке компьютер, 50 планшет және қызметтік көліктерге тағылатын 17 дауыс зорайтқыш табыс етілді.

Айдын Байматовтың айтуынша учаскелік инспекторлардың заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы жүктелген барлық міндеттерді орындауға септеседі. Мамлют, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласында өткен жылдан бері баспанамен қосарланып салынған учаскелік полиция пункттері жұмыс істеп тұр. Ал биыл бірнеше ауданда осындай 4 нысан ашу жоспарланып отыр. Осы ретте ардагерлер учаскелік полиция қызметінде де тәлімгерлік бағытты жандандыру қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.

Данаш Хамзина