МТРА жаңалықтары

18-ші сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

18-ші сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай өңірде “Өткеніміз әрдайым жанымызда” апталығы өтіп жатыр.

Бұған дейін қаламыздың бірнеше көрнекті жерінде сенбілік пен оқушылар арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылған еді. Ал бүгін республикалық мәдени мұраны қорғау орталығының өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Іс-шара барысында өзге облыстардан келген мамандар Петропавлдағы тарихи жерлерді аралап, нысандарды сақтау мәселесі төңірегінде әңгіме қозғады.

Рақат Мамбеталинов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

– Семинар жалғасын табады. Ертең өзге облыстан келген әріптестерімізбен бірге Айыртау ауданындағы Ботай қонысына барамыз. Сол жерде археологиялық мәселелерді талқылаймыз. Ескеру қажет, мұндай апталық біздің өңірде ғана өткізілуде. Оның қорытындысы 18-ші сәуір күні шығады.

Алдияр Айтпаев