Петропавлда иесіз қалған саяжайлар қала тұрғындарына тегін беріліп жатыр

МТРА жаңалықтары

22:47 13 Сәуір 2022

Ирина Плясунова өмір бойы көпқабатты үйде тұрады. Нәзікжанды үнемі
өсімдік егуді, отбасымен таза ауада демалуды армандаған екен. Бұл арманы орындалды. Азаматша былтыр жолдасы екеуі қалалық әкімдікке барып, иесіз қалған саяжайлардың бірін иеленгісі келетіні жайлы өтініш қалдырған. Жерлесіміздің бұйымтайы жерде қалмады.

Ирина Плясунова, қала тұрғыны:

– Бұрынан бері өзіміздің жеке учаскеміз болса деп армандайтынмын. Саяжай қауымдастықтарының біразын аралап көрдік. “Старт” қауымдастығы көңілімізден шыққандықтан, осы жерді таңдадық. Кейін қалалық әкімдіктегі жер қатынастары бөліміне жүгіндік. Бір жылдан кейін сот отырысы өтті. Сот шешімімен бұл жер иессіз деп танылды. Осылайша бұл учаске біздің жеке меншігімізге өтті.

Ирина Плясунова құжаттарды рәсімдеу үшін бар-жоғы 30 мың теңге жұмсапты. Осылайша азаматша 7 сотық жердің иесі атанды. Учаскеде бірнеше өсімдік түрі бар. Оған қоса бақшада бұрыңғы үйдің іргетасы қалған. Енді ерлі-зайыптылар аумақты қалыпқа келтіріп, монша салмақ ниетте.

Ирина Плясунова, қала тұрғыны:

– Аумақты жаңа шарбақпен қоршаймыз. Үлкен монша салуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта жеміс-жидек пен көкөніс еге бастаймыз. Күзде еңбегіміздің жемісін көруге ниеттеніп отырмыз. Енді жаз мезгілін босқа өткізбейміз. Менің ойымша, иесіз калған саяжайларды халыққа тегін беру – оң бастама.

Бау-бақша аламын дейтін петропавлдықтар шынымен де жетерлік. Сондықтан, қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары мониторинг жүргізіп, қаңырап қалған саяжайлардың тізімін жасап жатыр. 2020 жылы – 300, ал былтыр 700 бау-бақша иесіз деп танылды. Енді бұл жер учаскелері кезек бойынша қала тұрғындарына тегін беріліп жатыр. Жалпы, өткен жылы 300 саяжай жеке меншікке өтіпті. Жалпы, жер кодексінің нормативтеріне сәйкес бір адамға 12 сотық жерге дейін тегін беріледі.

Нұркелді Тельман, қалалық жер қатынастары бөлімінің әдіскері:

– Тегін саяжай рәсімдеу үшін Петропавл қалалық жер қатынастары бөліміне жүгінуге болады. Ол үшін адамның жеке төлқұжатының көшірмесі мен жердің орналасу сызбасы жеткілікті. Өтініш 15 күннің ішінде қаралады.

Петропавлда саяжай учаскелерінің саны 47 мыңнан асып жығылады. Оның арасында иесіз қалғандарын анықтау жұмыстары жалғасын табады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Қаладағы көшелерде қозғалыс шектелмек
Бөкетов көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Петропавлда өрттен 60 жастағы ер адам қаза тапты
Петропавлда жетімдер баспана кезегінен шығарылып тасталған
Ата заңның 33 бабына ауқымды толықтыру енгізіледі
Сапаржайда жаңа бағыттар ашылды
Балалардан құралған қос өнер ұжымы есептік концерт өткізді
“Электрондық еңбек биржасы” порталындағы өзгерістер
“AMANAT” партиясының қоғамдық кеңес отырысы өтті
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛДЫ
Жеңіс саябағында “Достық” аллеясы ашылды
Қылмыстық-атқару жүйесінің мамандарына арналып семинар өткізілді