Қылмыс

Қылмыскер қайтадан жауапкершіліккке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан қылмыскер қайтадан жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің айтуынша ол түзету мекемесінің қызметкерлеріне жала жапқан. Мені ұрып-соғып, жәбір көрсетті деп айтқан. Осындай арызбен құқық қорғау органдарына да жүгінген. Жақында аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жіті тексерілді. Сот / қылмыскерді тәртіп сақшыларына жалған айып тақты деп танып, қайта жауапқа тартты.

Рустан Ахметжанов, СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы:

– Қылмыскер біздің облысымызда 5 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол адам өлтіру, қарақшылық шабуыл жасау, қылмыстық топ құрғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі күні аталған мерзімнің 7 жылын өтеді. Қазір енді ҚР ҚК 419-шы бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” фактісі бойынша қайтадан жауапкершілікке тартылды. Яғни, өтеп жатқан мерзіміне тағы 5 жыл қосылды. Бейнекамералардан алынған видеода оның өзін-өзі әдейі жарақаттағаны түсіп қалған.

Бердімұрат Баймұқан