МТРА жаңалықтары

Көліктік бақылау инспекциясының мамандары парамен ұсталды

Облыста жыл басынан бері 4 адам парамен ұсталды. Бармақ басты, көз қыстылыққа жол бергендердің екеуі – көліктік бақылау инспекциясының мамандары. Айыптылар тергеу изоляторында отыр. Екі күн бұрын ғана екеуі де 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Аталған инспекцияда алдағы уақытта жемқорлықты болдырмау мақсатында тергеу изоляторында екеудің әріптестеріне арналып экскурсия ұйымдастырылды.

Алдияр Айтпаев