Спорт

Петропавлда футзалдан республикалық турнир бастау алды

Алғаш болып Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикаллық колледжі мен Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студентері сынға түсті. Қос құрама да осал емес. Оны ойынан байқауға болады. Жалынды жастар бір-бірінің қақпасына қайта-қайта шабуылдап, гол соғуға тырысуда.

Алғаш болып есепті алаң иелері ашты. Көп ұзамай Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикаллық колледжінің студенттері басымдықты тағы 3 голға арттырды.

Владислав Антюшко, СҚ кәсіптік-педагогикаллық колледжінің студенті:

– Қазір Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттерімен 2-ші таймда күш сынасамыз. Ойын жақсы өтуде. Тек жеңістен үміттіміз. Барымызды салып, бас жүлдені өзімізде қалдыруға тырысамыз.

Алаң иелері тыңғылықты дайындалыпты. Олар алғашқы қарсыластарын 9 да 1 есебімен ойсырата жеңді. Жалпы, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикаллық колледжінің бұрынғы директоры Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған доп додасы 8 команданың басын біріктірді. Турнир қонақтары – Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің жастары.

Алпамыс Магавин, СҚ кәсіптік-педагогикаллық колледжінің дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы:

– Біздің колледж – “Сұңқар” облыстық спартакиадасының чемпиондары. Сондай-ақ, біз 2019 жылы Алматыда өткен “Ұлттық студенттік” лиганың чемпионы атандық. Бұл жетістігімізді осы жолы қайталағымыз келеді. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық.

Турнир ертең аяқталмақ. Жүлдегерлерге кубок және бағалы сыйлықтар табысталатын болады. Сондай-ақ, футзалшылар бірнеше аталым бойынша марапатталмақ.