МТРА жаңалықтары

Өңірде құрғақ шөптің жану фактілері жиіледі

Бұл – кеше Жуков көшесінде болған жайт. Кепкен шөпті қуалай жөнелген қызыл жалын балалар алаңқайына таяп, тұрғындардың зәресін алды. Соңғы уақытта мұндай жайттар жиілеп кетті. Бүгін мұндай оқиға Сенная база кентінде тіркелді. 700 гектар жерді шарпыған отты сөндіру үшін 6 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылыпты.

Даниэль Саркисян, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

– Демалыс күндері қала бойынша 16 гектар аумақта өрт болды. 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сәуірдің 10-ы мен 11-і күндері қураған шөп пен қоқыс жануының 37 фактісі тіркелді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ешбір мүлікке зақым келген жоқ.

Соңғы аптада облыста осыған ұқсас 90-ға жуық факті тіркелген. Оның басым бөлігінде құрғақ шөп жанған.

Алдияр Айтпаев