МТРА жаңалықтары

Аса ірі көлемде есірткі сатпақ болған 28 жастағы жігіт ұсталды

Қылмыс үстінде ұсталған жігітте өзімен бірге 2 келі марихуана болған.
Ал көлігі мен үйін тексеру барысында одан да көп наша шыққан.

Бұдан бөлек, күдіктіден аңшы мылтығы менгаз тапаншасына ұқсас екі қару тәркіленіп, криминалистикалық сараптамаға жіберілді. Ер адам қамауға алынды. Тергеу барысында аталған заттардың қайдан алынғаны анықталады.

Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар 143 грамнан астам гашиш және 14 киллограмнан астам марихуана болып шықты, бұл аса ірі көлемге жатады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша ұсталған жігіт 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Данаш Хамзина