Әр түрлі

Жаңа облыстар жөнінде шешім бір жарым ай ішінде қабылданады

Жаңа облыстар жөнінде шешім бір жарым ай ішінде қабылданады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Еске салай кетейік, наурыздың 16-сы күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Семей қаласын орталығы етіп Абай облысын құруды ұсынған болатын. Сондай-ақ, Жезқазған төңірегінде Ұлытау облысын құру туралы айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады деп болжанып отыр.
Ал Алматы облысы екіге бөлінуі тиіс: Жетісу деп аталатын бөлігінің орталығы – Талдықорған, Алматы облысының орталығы қылып Қапшағай қаласын бекіту керек делінді.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

– Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО-ның шекарасы шамамен қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге, жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады.

Данаш Хамзина