Мәдениет

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Петропавлда көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Іс-шара қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі, атақты жерлесіміз
Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына арналды.

Оған аудандық, қалалық кезеңдерде жеңімпаз атанған 10-нан аса жас қатысты. Сайыс барысында әдебиетсүйер қыз-жігіттер халық жазушысының повестерінен және прозаларынан үзінді ұсынды. Сондай-ақ, драматургтың ана, әйел тақырыбында жазған шығармаларынан үзінді оқыды. Байқаудың қорытындысы бойынша Петропавл қаласының намысын қорғаған Жанель Айтқожа жеңімпаз атанды.

Эльмира Садвокасова