МТРА жаңалықтары

Полицейлер апта сайын қоғамдық қабылдау өткізіп жүр

Тұрғындардың базыналарын тыңдау, сұрақтарына жауап беру және кеңес беру. Бастысы – халыққа жақын болу. Осы бағытта полицейлер апта сайын азаматтармен тілдесіп, қабылдау өткізеді. Осындай соңғы жүздесу барысында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов 6 адамның мәселесін қарастырыпты. Тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштердің барлығы назарға алынып, кейбіріне қатысты нұсқау берілген.

Сән Жұмағазина, СҚО ПД бөлім басшысы:

– Полиция басымдықтарының қатарында ашық және айқын қызмет көрсету болып табылады. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау желісі – полиция департаментіндегі маңызды бөліктің бірі. Азаматтарды қабылдау кестесі департамент сайтында, сонымен қатар, әкімшілік ғимаратта орналасқан азаматтарға арналған қабылдау бөлмелерінде бар. Ал егер де қабылдауға жазылғыларыңыз келсе 39-40-20 телефон нөмірі арқылы хабарлассаңыздар болады.

Өткен айда Айдын Қабдұлдинов 19 адамды қабылдаған. Ал облыстық полиция департаментіне тұрғындардан жалпы 300-ден астам өтініш келіп түскен екен.

Алдияр Айтпаев