Әр түрлі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Кездесу барысында Президентке қаңтар оқиғасын тергеу барысы баяндалды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда бай-бағландардың шетел асырған қаржысын елге қайтару шаралары жүргізіліп жатқаны тілге тиек етілді. Оған қоса соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істерге қатысы бар жандар турасында да сөз қозғалды. Кейін соңғы Жолдаудағы тапсырмалардың жүзеге асырылуы сөз болды. Бас прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституцияға түзетулер енгізелетіндігін мәлімдеп, «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң әзірлеу жұмыстары басталғанын айтты.

Алдияр Айтпаев