МТРА жаңалықтары

Болашақ заңгерлерге криминалисттердің жұмысы таныстырылды

Криминалистикалық техника, қылмыскерлерден тәркіленіп алынған заттар мен қылмыс болған жерден дәлел жинау. Жергілікті университетте заңгер мамаңдығына оқып жүрген студенттерге криминалисттердің жұмысы таныстырылды.
Арнайы музейге суық қару түрлері, жарылғыш заттар мен жалған құжаттар қойылған. Жастарға жасырын жерлерді анықтауға мүмкіндік беретін георадар деп аталатын құрал көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасына қарасты оқу полигоны таныстырылды. Теория жүзінде алған білімді жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шара жергілікті университет пен департамент арасында жасалған меморандум аясында өткізілді.

Самал Жунусова