Қылмыс

Жыл басынан облыста жылдамдық асырған 2 мың жүргізуші анықталды

“Автобус”, “Масаң жүргізуші”, “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі”. Қаңтар айынан бері өңірде жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірқатар шара жүргізілді. Десе де 3 айдың ішінде 35 бірдей апат болды. Салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 50 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды.

Жолдағы қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері түсіндіру шараларымен бірге өзге де тәсілдерді қолдануда. Соның бірі – төрт түліктің макеттерін орнату. Жыл басынан облыс бойынша жол ережесін бұзған 16 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 2 мыңы жылдамдықты асырған. 229 азамат темір тұлпарды ішімдік ішіп алып басқарса, тағы 73 тұрғынның жүргізуші куәлігі атымен болмаған. Тәртіп сақшылары көлік иелерін жолда ұқыпты болуға шақырады.

Эльмира Садвокасова