МТРА жаңалықтары

Бағдат Мусин “Қазақтелекомды” демонополизациялауды ұсынды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниялар тобын монополиядан шығаруды ұсынды.

Яғни мобильді операторлардың бірін бәсекелі нарыққа шығару арқылы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау қажеттігін алға тартты. Бүгінде шағын операторларда кабельдік кәрізге қол жеткізу және өздерінің байланыс желілерін жүргізу кезінде қиындықтар туындайды екен. Себебі, кабельдік кәріздің негізгі бөлігіне «Қазақтелеком» иелік етеді. Осылайша, аталған кәсіпорын «соңғы миль» ретінде халыққа қолжетімді интернет қызметтерін ұсынуға дайын орта және шағын провайдерлердің дамуын шектейді. Министр тағы бір ұсынысын ортаға салды. Бағдат Мусин сапасыз қызмет көрсеткен операторларға салынатын айыппұл сомасы 100-ден 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылғанын қалайды. Бұл – шамамен 3 миллион теңге.

Дана Ешкенова