Балалар

Студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма теарының фойесінде ине шаншар жер жоқ. Мұнда жастарға жұмыс ұсына келген 16 кәсіпорын өкілдерінің әрқайсысының маңында ұзын-сонар кезек. 500-ге тарта студент өздерін қызықтырған мекемелер жайлы кеңірек сұрастырып білуде. Солардың бірі – гуманитарлық-техникалық колледждің 3-ші курсында оқып жүрген Жанель Баяндина.

Жанель Баяндина, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

Менің матетатика сабағым жақсы болатын. Сондықтан, бухгалтер мамандығына түстім. Бұл мамандық маған жақын және ұнайды. Ұсыныстар бар мамандығым бойынша. Қазір кеңірек сұрастырып білемін.

Бүгіндері қаладағы кәсіпорындарда 1000-нан астам бос жұмыс орны бар екен. Соның 400-і тұрақты, ал қалғаны уақытша жұмыс болып табылады. Мамандар, әсіресе, өндіріс, денсаулық, білім беру, қызмет көрсету және құрылыс саласында тапшы. Соңғысында 300-ге жуық жұмыскер жетіспейді. Қазіргі таңда шаһарда құрылыс ерекше қарқын алғаны белгілі. Шаруа, әсіресе, жаз айларында қыза түседі. Сондықтан, осы уақытта компаниялар студент жастарды жұмысқа тартуға әзір.

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:

75 адам өз ұсыныстарын беріп жұмыс істеуге дайын. Мердігер компаниялармен келістік. Ақысын толықтай төлейді. Ең алдымен колледж және ЖОО бітірген жастарды тартамыз. Кейін жазғы уақытта қолдары бос студенттерді жұмыспен қамтымақпыз.

Өткен жылы да жастарды жұмысқа тарту шаралары жүргізіліпті, бірақ өтініш берген 100 студенттің тек 40-ы ғана еңбек етуге ниет танытқан. Әкімдіктегілер кейбірі тұратын жері болмағандықтан ауылдарына кетуге мәжбүр болды дейді. Сондықтан, биыл жазғы уақытта еңбектенімін дегендерді жатақханамен қамту көзделуде. Жалпы, колледж және жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатыса алады. Биыл аталған бағдарламалар бойынша екі қолға бір күрекпен қамтылғандарға ай сайын шамамен 92 мың теңгеден төленбек.

Магжан Ахмадина