Өнеркәсіп

СҚО жұмыртқа өндіру көрсеткіші бойынша үздік үштікке ілінді

СҚО жұмыртқа өндіру көрсеткіші бойынша үздік үштікке ілінді. Өткен айдың өзінде өңірде 55 млн дана жұмыртқа шығарылған. Бірінші және екінші орындарда Алматы мен Ақмола облыстары тұр. Жалпы, жыл басынан бері Қазақстандағы құс фабрикалары шамамен 370 млн жұмыртқа өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Жоғары көрсеткішті мамандар ел көлемінде жүргізіліп жатқан құс тұмауының алдын алу шараларымен байланыстырып отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде 10 дана жұмыртқаның бағасы 2021-ші жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,1 пайызға төмендепті.

Эльмира Садвокасова