Балалар

Биыл Петропавлда 12 баланың жоғалуына қатысты арыз түскен

Отбасындағы ұрыс-керіс және қолдаудың жоқтығы – есікті тарс жауып кетуге себеп! Жыл басынан бері петропавлдық полицейлерге 12 баланың жоғалуына қатысты арыз түскен. Абырой болғанда, іздеу салынғандардың барлығы аман-есен табылды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, кейбір жеткіншектер жанұядағы ауызбіршіліктің жоқтығынан үйлеріне асықпаған. Ал кейбірі ойын қызығына батып, далада ұзақ уақыт өткізген. Ақпанның 7-сі күні 10 жастағы 2 балақай сырғанақта қас қарайғанша болған. Құқық қорғаушылар ата-аналардан ұл-қыздарымен тілдесіп, қауіпсіздік шараларын еске салуды сұрайды.

Виктория Вьюшкина, қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

– Жалпы, қабылданған шешімдерді қорытындылай келе, жасөспірімдердің тек қолайсыз отбасыдан ғана емес, сонымен қатар, ата-аналары дұрыс қарым-қатынас болмаған жағдайда да кетіп қалатыны анықталды.

Эльмира Садвокасова