Петропавлдан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылған

ТКШ

22:17 28 Қаңтар 2022

Петропавл көшелерін қардан тазалау үшін күн сайын жүздеген адам мен 150 техника шығады. Жартысынан астамы түнде жұмыс істейді. Араларындағы тиегіш өте тегеурінді. Ол небәрі 3-4 минуттың ішінде КАМАЗ көлігін ақ ұлпаға толтырады.

Радмир Буханов, “Благоустройство Север” ЖШС бас инженері:

– Әр түнде 80-ге жуық техника шығады. Біз қазір Болатбаев көшесінде тұрмыз. Бұл учаскедеге іске 40-қа жуық қызметкер мен 30-ға тарта техника тартылған.

Қазір мамандар күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Олар осы күнге дейін 300 мың текше метрге жуық қар шығарған. Қалалық әкімдік өкілдерінің тұрғындарға айтары бар.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Биылдан бастап бас мердігер – “Благоустройство Север” ЖШС. Күн сайын тазартып жатыр. Қала 9 бағытқа бөлінген. Қар 4 қоқыс алаңына төгіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары, жеке кәсіпкерлер Шаховское ауылының маңындағы полигонға қар шығара алады. Тәулік бойы қабылданады. Қала тұрғындарынан көліктерді түнде жол бойында қалдырмауды сұраймыз. Өйткені, бұл техниканың жұмысын қиындатады.

Көктайғақпен күрес мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Бүгінде 1500 текше метр құм-тұз қоспасы дайындалған.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз