Қоғам

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Петропавлда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.Шара барысында негізінен тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Соның ішінде жергілікті жұмыс берушілерді толғандырған мәселелер де қаралды. Кәсіпкерлер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және рұқсат мерзімін ұзарту туралы сұраған екен. Жалпы, басқарма мамандары өткен жылы 400-ден астам қызмет түрін көрсеткен. Оның 5-еуі – электронды форматта, қалғаны қағаз түрінде рәсімделген.

Назерке Тасқұлова, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы:

– Бөлімімізде 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бұндай жәрмеңкеге 1-ші рет қатысып тұрмыз. Бізге ішкі көші-қон бойынша оңтүстік өңірде тұратын азаматтар және қандас мәртебесі бар шетелден келген азаматтар жүгініп тұрады.

Дана Ешкенова