Құқық қорғау органдары

Өңірде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ауыр қылмыстар, жазатайым оқиғалар мен өрттер. Орын алатын бұл фактілердің дені әлеуметтік тұрғыда осал жанұялардың шаңырағында тіркеліп жатады. Оған себеп – ішімдік ішу мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беру. Осы ретте тәртіп сақшылары облыс бойынша алдын алу шараларына қарқын қосып отыр.

Александр Розбах, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Қазір бір апталық “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Мақсаты – отбасында қылмысты болдырмау. Осыған байланысты есепте тұрған жанұялар мен азаматтарды жекелей тексереміз.

Екі күнде полиция қызметкерлері есепте тұрған 1200-ден астам адамды тексеріп, 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. Профилактикалық есепке 165 адам қойылды. Сондай-ақ, мамандар “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасы барысында Мамлют ауданында ғы дүкендердің бірінен 600 литрден астам лицензиясыз спирттік тауып, тәркілеген.

Алдияр Айтпаев