Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшысы зейнеткерді өрттен аман алып қалды

Тәртіп сақшысы өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған үйден зейнеткерді алып шыққан. Полиция қызметкерінің мұндай көзсіз ерлігі жайлы зейнеткер облыстық полиция департаментінің басшылығына жазған хатында баяндаған. 27 жастағы Рүстем Кәрім ішкі істер органдарында 6 жылдай еңбек етеді. Ол бұл ісін ерлік деп есептемейді және мұндай қадамға кез келген азамат барады деген сенімде.

Рүстем Кәрім, Айыртау ауданы полиция бөлімінің инспекторы:

– Оқиға қаңтардың 17-сі күні орын алды. Түнде ұйықтап жатып шудан оянып кеттім. Терезеге қарасам көрші екеуіміздің шатырымыз жанып жатыр. Содан жұбайыммен қызымды киіндіріп, далаға алып шықтым да көршімді құтқаруға кірістім. Кіреберіс есік өртке оранғандықтан ішке ене алмадым, үйге терезені сындырып кірдім де әжейді арқама салып алып шықтым.

Эльмира Садвокасова