Қоғам

Бағаны тұрақтандыру қорына бөлінетін қаражат көлемі артады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы мен оның командасына азық-түлік құнын бірқалыпта ұстауды тапсырды. Бүгінде жауапты шенеуніктер іске кірісуде. Сауда және интеграция министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, алдағы уақытта бағаны тұрақтандыру қорына бөлінетін қаражат көлемі артпақ. Сауда желілеріне берілетін несиелердің де көлемі өсетін болады.

Жалпы, бұл мақсатқа қазір 70 млрд теңге бөлініп келеді. Енді сома екі есеге дейін көбейеді. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың құнын төмендету қарастырылған. Ол үшін кәсіпкерлермен қосылатын үстеме бағаны 15 пайыздан 10-ға дейін төмендету қарастырылған. Айта кету қажет, елімізде 5 айға жететін азық-түлік қоры құрылған.

Эльмира Садвокасова