Денсаулық сақтау

Өңірде соңғы тәулікте 129 адам коронавирус жұқтырды

Енді өңірдегі эпидахуалға тоқталайық. Өткен тәулікте коронавирус 129 солтүстікқазақстандықтан анықталды. Естеріңізге сала кетейік, аққайыңдар өлкесі кешеден бері – “қызыл” аймақта. Облыста тәж вирусын жұқтыру фактілері күннен-күнге артып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдай да көңіл көншітпейді. Соңғы 24 сағат ішінде 9 мың 700-ге жуық отандасымыз COVID-19-ға шалдыққан. Басым бөлігі – елордалықтар. Нұр-Сұлтан қаласында 3 мың 702 адам сырқаттанып қалған. ҚазАқпарат сайты ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде Түркістан облысынан бөлек барлық өңір – “қызыл” аймақта.

Дана Ешкенова