Денсаулық сақтау

СҚО – “қызыл” аймақта

Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан “қызыл” аймаққа өтті. Соңғы тәулікте өңірде 101 адам вирус жұқтырған. Науқастардың 88 пайызында аурудың анық белгілері байқалады. Дертке шалдығушылардың саны бойынша әдеттегідей Петропавл 1-ші орында тұр. Облыс орталығында 38 жан дәрігерлердің бақылауына алынған. Ал ең төменгі сатыда – Жамбыл ауданы. Мұнда 2 жағдай тіркелген. Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Қазақстанда Түркістан өңірі ғана – “сары” зонада. Қалғандары – “қызыл” аймақта. Жалпы, өткен тәулікте елімізде 11,5 мыңнан аса тұрғын тәж вирусын жұқтырған.

Бердимурат Баймухан