Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қорына басшы тағайындалды

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Парламен Мәжілісінің отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осылай деді. Жуырда аталған қор құрылып, Қазақстан Даму банкінің бұрынғы төрағасы Болат Жәмішев басшысы болып тағайындалды.

Қазіргі таңда алғашқы аударымдар жасалып жатыр. Мысалы, жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аударды. Бұл идеяны бірқатар министрлік пен Парламент депутаттары қолдады. Игі іске жаны жомарт кәсіпкерлер де ат салысуда.

Байболат Култанов