Денсаулық сақтау

Қазақстанда тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін

Қазақстанда тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Кеше ғана Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған Ажар Төлеғалиева елдегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.

Ведомство басшысының айтуынша, республикадағы эпидахуал күрт нашарлаған. Бұған басты себеп – “омикрон” штамының таралуы. Бүгінде Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен Атырау облысы – “қызыл аймақта”. Алдағы күндері елімізде науқастардың саны ұлғаюы ықтимал. “Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 17,5 мың адамға дейін індетке шалдығуы мүмкін”,- деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Ал реалистік сценарийге сәйкес коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта алғандар саны 70%-дан төмен болса әрі профилактика шараларын ішінара сақтаған күннің өзінде тәулігіне ауру жұқтырудың 25,5 мың жағдайға дейін тіркелуі ықтимал. Сондай-ақ, пессимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 40%-дан аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мың жағдайға дейін тіркелуі мүмкін”.

Дана Ешкенова