Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

 

Бүгін елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнебайланыс режимінде өтті. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар бірқатар елдердің басшылары мен премьер-министрлері қатысты. Қазақстан Президенті сессия қатысушыларына елімізде қалыптасқан ахуал мен оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бойынша әріптестеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді. Президент Ұйымның бұдан пайдалы әрі жақсы тәжірибе алатынын, осал тұстар талданып, тиісті шешім шығарылатынын, реттеуші құжатқа түзетулер енгізілетінін атап өтті. Мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.

 

Бердимурат Баймухан