Қоғам

Қазпошта бөлімшелері мен ХҚКО жұмысын жалғастыруда

“Қазпошта” бөлімшелері қайта ашылып, штаттық режимде жұмыс істеуге кірісті. Яғни, енді тұрғындар зейнетақы мен жәрдемақыларыларын аталған ұйымның филиалдарына барып ала алады әрі хат-хабарды қабылдап, жөнелту де қайтадан қалпына келтірілді. Сондай-ақ, бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмысын жандандырды.

Жәнібек Қамбаров, “Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– ХҚКО-ның жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Өкінішке қарай, мамандандырылған ХҚКО автокөлік иелеріне әлі қызмет көрсете алмайды. Өңір тұрғындарынан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Алтынай Казиканова