Білім

Қаңтарда тапсырылатын ҰБТ мерзімі кейінге шегерілді

Елімізде төтенше жағдай енгізілгенімен өңірдегі балабақшалар мен шағын орталықтар, қосымша білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Ал мектеп оқушылары мен колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің каникул мерзімі ұзартылған болатын. Енді ҰБТ тапсыру мерзімі де өзгертілмек. Яғни, қаңтар айында өтуі тиіс сынақ кейінге шегеріліп отыр. Ал наурыз, маусым, және тамыз айларында ұйымдастырылатын тестілеу кезеңдері бойынша, әзірге, ешқандай өзгеріс жоқ дейді білім басқармасындағылар. Жалпы, биыл өңірде мектепті 3 мың 300-ден астам түлек тәмамдамақ. Оның жартысынан астамы осы қаңтар айында ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.

Нәзір Жәшібеков,СҚО білім басқармасының басшысы:

Өтініштер 25-ші қаңтарға дейін қабылданады. Тестілеу 25-ші қаңтар мен 22-ші ақпан аралығында өткізіледі. Қосымша ақпаратты білім басқармасының ресми сайтында және «Инстаграмм» және «Фейсбук» парақшаларынан алуға болады. Облысымызда білім басқармасының колл-центрі жұмыс істеуде. Сұрақтарыңыз болса, 35-00-07 нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Қазіргі таңда 1647 түлек өтініш берді. Осы түлектер 25-ші қаңтардан бастап ҰБТ тапсырады.

Эльмира Садвокасова