Қылмыс

Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды

Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің мешіттерінде құран хатым оқылды.

Бұл іс-шарадан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұжымы да қалыс қалған жоқ. Дін өкілдері әскери борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың рухына құран бағыштады. Жиналғандар жаратушыдан еліміздің амандығын сұрап, сын сағатта тер төгіп жатқан ел азаматтарына жеңілдік тіледі.

Хамзат Әділбеков, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

Қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты халықты сабырға шақырамыз. Алла Тағала құран кәрімде: “Сабыр етушілермен біргемін”,-дейді. Сондықтан, түрлі ұйымдардың жетегіне еріп кетпей, сабырлы болуға шақырамыз. Шынымен, Алла Тағала өзінің сабыр еткен құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала елімізге, жерімізге береке-бірлік беріп, егемендігіміз, Тәуелсіздігіміз өміріздің соңына дейін баянды болуын нәсіп етсін.

Бердимурат Баймухан