Қылмыс

СҚО-да заңсыз айналымнан 6 мың литрге жуық алкоголь алынды

Заңсыз айналымнан 6 мың литрге жуық алкоголь алынған. Бұл – өңірде жыл басынан бері тіркелген көлем. Лицензияланбаған спирттік өнім сатып саудасын қыздырған 150-ге жуық адам анықталып, жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, облыс аумағында ішімдікті тыйым салынған уақытта саудалау фактілері тыйылмай тұр. Өңірде мұндай 100-ден астам жағдай тіркелген. Тентек судан сіміріп алып жұртқа тиыштық бермегендер де ұсталған екен. Қоғамдық орында тұрғындардың мазасын алған 9 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылған.

Дана Ешкенова