Патриоттық тәрбие отбасынан басталуы керек

Құқық қорғау органдары

23:37 23 Қыркүйек 2021

Қаншама жанның өмірін жалмаған қанды қырғын. Осыдан 42 жыл бұрын Ауғанстан елінде соғыс басталып, бақандай 10 жылға созылғаны белгілі. Оған Виталий Пестов 83-ші жылдың қарашасында аттаныпты. Ұрыста азаматтың бассүйегі мен миына зақым келген екен. Сондықтан, қиын-қыстау кезең есінде шала-бұла сақталғанын айтады.

Виталий Пестов, Ауған соғысының ардагері:

– 18 жасымда военкоматқа барғанда: «Қай жаққа аттанғың келеді?»,- деп сұрады. Мен: «Отаным қайда жіберсе, сонда барамын»,- деп жауап қаттым. Сөйтіп, Ауғанстандағы қанды майданға аттандым. Біз негізінен күзетте тұрдық. Хайратон-Кабул жолын күзеттік. Ауыр соққыны қалай алғаным есімде жоқ.

Соғыстың зардабы қанша жыл өтсе де ұмытылмасы анық. Өкінішке қарай, биыл Ауғанстандағы ахуал қайтадан өршіді. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери доктринамызды толығымен қайта қарау керек»,- деді.

Жангелді Тәжин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Жолдаудағы жаңадан әскери доктрина құру керек деген Президенттің сөзі ой салады. Біз әскери дайындықты, елсүйгіштікті, жастардың бойындағы патриоттық қасиеттерді арттыруымыз керек. Әскери патриоттық тәрбие деген ұғым бар. Ол отбасыдан, мектептен басталуы тиіс. Отан қорғау – ер азаматтың міндеті екенін ата-ана баласына айтып отыруы қажет.

Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерін еліміздің келешегі алаңдатады. Сол себепті, аға буын өкілдері жастармен көп жұмыс жасап, отансүйгіштікке баулуға тырысатындарын айтады.

Жангелді Тәжин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Тоқаевтың ұсынысымен бауырлас мемлекеттердің өткізген әскери жиналысын көп талқылап, оқыдық. Онда көптеген міндеттер қойылды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін жастарға Тәуелсіздіктің құндылығын айтуымыз керек. Қандай жолмен келгендігін естеріне салып отырған жөн.

Жалпы, жиын барысында ардагерлер жастардың бойында патриоттық сезімді арттыру қажеттігін сөз етті.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да көші-қон қызметінің мамандары 4 мыңға жуық заңға қайшы әрекет тіркеген
СҚО полицейлері жалған емшілікпен айналысқан әйел адамды ұстады
6 мыңнан астам петропавлдық көлік салығын төлемеген
Петропавлда жол-көлік апаты салдарынан 1 адам қаза тапты
Өңірдің 7 полицейінің шені өсті
СҚО-да 50-ден аса адам маскүнемдіктен емдеуге жіберілді
Солтүстікқазақстандық 8 жарым млн теңгеге алданып қалды
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 170-ке жуық талап арыз түскен
СҚО-да үздік жедел уәкіл анықталды
Өңірде “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
Қызылжар ауданында 17 жастағы жігіт граната тауып алды
Өңірде жыл басынан бері 50-ге жуық көлік ұрланған