Ауыл шаруашылығы

Өңірде жыл басынан бері 400-ден астам мал бруцеллез ауруына шалдыққан

Өңірде жыл басынан бері 400-ден астам мал бруцеллез ауруына шалдыққан. Жергілікті ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, індет жұқтыру жайты көбінесе Қызылжар мен Есіл аудандарында орын алған. Мәселен, соңғы аталған ауданда 142 жағдай тіркелген екен. Жалпы, облыс бойынша бруцеллез ошағы 10 ауданда және Петропавл қаласында анықталған. Аурудың анықталуына байланысты бүгінде 6 елді мекенінде шектеу шаралары енгізіліпті. Естеріңізге сала кетейік, егер ірі қарада бруцеллез анықталса, мал иесі мүйіздіні 15 күн ішінде санитарлық союға өткізуі тиіс.

Нариман Тасболатов, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:
қаз: “”

Дана Ешкенова