Қоғам

Облыс орталығында “Мен қазақша сөйлеймін” акциясы өтті

Шара барысында қазақ тілін үйреніп жүрген қала тұрғындарына мынадай оқу құралдары берілді. Кітапшалар түрлі жастағы адамдарға арналған. Кішкентай бала мен ересек жандар да оның көмегімен қазақ тілін оп-оңай үйреніп алады дейді мамандар.

Әсем Сүлейменова, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:

Сондай-ақ, акция кезінде Достық үйінің алдында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, петропавлдықтарға түрлі тақырыптағы сауалдар қойылды. Дұрыс жауап бергендерге тәтті тарту үлестірілді.

Жалпы, солтүстікқазақстандықтар арасында қазақ тілін үйренемін деушілердің қатары жыл санап артып келеді екен. Жұртшылық облыстық тілдерді оқыту орталығына хабарласып, мемлекеттік тілді меңгеруге арналған оқу құралдарын жиі сұрайды дейді Әсем Сүлейменова.

Әсем Сүлейменова, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы, бүгін шаһар тұрғындарына 150-ден аса кітап тегін таратылды. Мұндай акция бұлай былай жиі ұйымдастырылмақ.

Бердимурат Баймухан