90 солтүстікқазақстандық жалған шaқырту үшін жауапкершілікке тартылған

Құқық қорғау органдары

22:54 15 Қыркүйек 2021

Жыл басынан бері 90 солтүстікқазақстандық жалған шaқырту үшін жауапкершілікке тартылған. Соңғы факті қыркүйектің 13-і күні Петропавлда тіркелді. Күндізгі сағат 11:20 шамасында қалалық екінші полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне медицина қызметкерінен қоңырау түскен. Ақхалаттының айтуынша, мамандарға белгісіз бір ер адам хабарласып, Жұмысшы кентіне “шұғыл жәрдем” шақырған. “Қандай жағдай орын алды” деген сұраққа, әлгі кісі досым бірнеше жерден пышақ жарақатын алды деп жауап беріпті. Бірақ, арнайы бригада көрсетілген мекенжайды таба алмай, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді.

Мән-жайды білу үшін тәртіп сақшылары Жұмысшы кентіне барады. Олар ешқандай заңбұзушылық орын алмағанына көз жеткізіп, шақыртудың жалған екенін анықтаған. Көп ұзамай қоңырауды 48 жастағы солтүстікқазақстандық шалғаны мәлім болды. Ол масаң күйде хабарласыпты. “Ойыннан от шығады” демекші мұндай іс-әрекетке барған жан 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Жауапты істі абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшылары
Биыл “102” желісіне 94 мың қоңырау түскен
«Абайлаңыз – балалар!» акциясы өткізілуде
Аса ірі көлемде гашиш өткізген петропавлдық ұсталды
211 мыңға жуық теріскейлік иммундау шарасының толық курсынан өтті
КАМАЗ жүргізушісі 12 жасар велосипедші қызды соғып кетті
Төрттүлігін қараусыз жайылымға жіберген
Петропавлда “Үйсіз” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
СҚО-да 2 сібір елігін атып алған үшеу ұсталды
Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді
Адамдардың жеке мәліметі өзгенің қолына өтіп кетуі мүмкін
Скутер тізгіндеген баукеспелер