Білім

Қозыбаев университетіндегі студенттердің бір бөлігі онлайн форматта оқиды

Қазіргі күні Қозыбаев университетінде 4-ші курста 1200 студент білім алып жатыр. Биыл олардың төрттен бір бөлігі оқуын онлайн форматта жалғастырады.

Оқытушылардың сөзінше цифрлық технологиялармен жұмыс жасайтын жастар сабақты қашықтықтан оқиды. Ал, қалған ұл-қыздардың барлығы дәстүрлі форматта білім алады. Мұндай шешім студенттердің өтініші негізінде қабылданып отыр екен. Айта кеткен жөн, болашақ мамандар онлайн оқу кезінде тақырыпты түсінбей қалып жатса, кез келген уақытта университетке келіп оқытушымен жүздесе алады. Оған еш кедергі жоқ.

Гүлмира Оспанова, Қозыбаев университеті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Студенттер бізге өтініш жазды. Айтуларынша кейбірі қалаға келе алмайды. Оның үстіне жатақхана мен баспана мәселесі бар және жарты жылдан кейін тәжірибелік жұмыс басталады. Осыған орай жастар онлайн форматта оқуды сұрады.

Бердимурат Баймухан