Құқық қорғау органдары

Бидай ұрламақшы болғандар ұсталды

1 жарым млн теңгенің бидайын ұрламақшы болған. Солтүстікқазақстандық полицейлер 3 адамды ұрлық үстінде ұстады.

Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданындағы серіктестіктердің бірінде орын алды. Арнайы рейд ұйымдастырған мобильдік топ өкілдері алқаптың қақ ортасында жарығы сөніп тұрған «КамАЗ» бен қос комбайнды байқап қалады. Соңғы аталған екі техника «КамАЗ»-ға астық құйып жатыпты. Сүт пісірім уақыт ішінде 10 тонна өнімді артып алған жандар полицейлерді көре сала қаша жөнелген. Баукеспелер келесі күні қолға түсті. Олар: Айыртау ауданының 50 жас шамасындағы 2 тұрғыны мен тағы 30-ға толмаған жігіт. Күдіктелер уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бердимурат Баймухан