Құқық қорғау органдары

Петропавлда аялдама әйнегін сындырған қыз қолға түсті

Өшін аялдамадан алды. Ащы суға тойып алған Петропавлдық бойжеткен автобус аялдамасын талқандап тастады.

Тәртіп бұзушылық құрылыс-экономикалық колледжінің жанында орын алған. Вандализм фактісі жайлы полицейлерге қала тұрғындары қоңырау шалыпты. Тәртіп сақшылары келгенде оқиға орнында 20 жастағы екі қыз болған. Анықталғандай, қос нәзік жанды сол кезде масаң күйде болыпты. Әңгіме барысында ащы судан ұрттап алған қыздардың біреуі эмоцияға берілген. Ол жігітімен ұрысып қалған көрінеді. Ашуын тыя алмай, өшін аялдамадан алып, әйнегін қиратып тастаған. Аталған факті бойынша материал жиналды. Іс сотқа жіберілді. Тентек қыз бұзақылығы үшін заң алдында жауап береді.

Бердимурат Баймухан