Балалар

Қалалық саябақта кітап көрмесі өтті

Кел балалар оқылық! Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында бүгін қалалық саябақта кітап көрмесі өтті.

Ұйымдастырушы – Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. Қара шаңырақ қызметкерлері іс-шараны оқу жылы қарсаңында ұйымдастыруды шешкен. Мақсат – кейінгі буын өкілдерін аса пайдалы, қызықты еңбектерді парақтауға баулу. Сөреге 50-ден астам сиясы әлі кеуіп үлгермеген туынды қойылған. Басым көпшілігі – ертегі. Олар қазақ және орыс тілдерінде жазылыпты. Саябақта серуендеп жүрген ұл-қыздар көрмені тамалашап, кітаптармен танысты. Сыйлықтарға да ие болды.

Аманжол Зағыппар, Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Жас қаламгер» клубының жетекшісі:

– Бүгін біздің руханияттың шаңырағы кітап көрмесін ұйымдастырып отыр. Біздің мақсатымыз – балаларды кітап оқуға шақыру, үндеу. Кітап оқыған біздің бүлдіршіндеріміз салиқалы, салмақты болып өседі. Кітап – білімге апаратын жол.

Алдияр Айтпаев