ТКШ

Автобустарға дифференциалды тариф енгізіледі

– Для удобства пассажиров в каждом автобусе размещены такие наклейки с кодом транспортного средства. Вы сможете зайти в мобильное приложение, например, Kaspi банка и не дожидаясь очереди, зайти и оплатить за поездку. Здесь выйдет код транспортного средства, Вы нажимаете “оплатить” и показываете эту информацию кондуктору или водителю.

Жаңашылдықтың еш қиындығы жоқ. Тура дүкендегі сияқты төлем жасайсыз. Тағы, кез-келген банк картасын немесе жеке қатынау картасын терминалға тақап, ақша аудара аласыз. Соңғысының құны 500 теңге тұрады. Оны қаламыздың 5 нүктесінен сатып алуға болады. Бұл аз десеңіз, телефондағы бірлікті жол ақысы ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.

– Вы набираете 6-тизначный код транспорта и на короткий номер 2505 отправляете СМС, и Вам приходит чек, в котором указывается наименование перевозчика, маршрут, время оплаты и стоимость.

Айта кетейік, жаңа ғана тілге тиек етілген жеке қатынау картасын қолдану үшін алдымен әр азамат оның нөмірін СМС арқылы жолдап, іске қосу керек. Кейін, телефон бірлігінен қажетті сомманы аударған жөн.

Бауыржан Құсайынов, «AlemPay» ЖШС директоры:

– «КАРТА» сөзі мен аударылатын сомманы 2505 қысқа нөміріне жіберу қажет. Сонымен қатар, картаны QIWI терминалы арқылы толтыруға болады. Ол үшін терминалдың экранынан теңгерімді толтыру бөлімін тауып, картаның нөмірін жазасыз. Осылайша, ақша сала аласыз.

Өзгеріс ертеңнен бастап орын алады. Яғни, күздің алғашқы күнінен қоғамдық көліктерде қолма-қол – 130, ал карта немесе QR кодпен 80 теңге болады. Ескерер бір жайт бар.

Әсем Айтолла,  қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Айта кету керек, 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға әзірге электрондық төлеу жүйесі енгізілмейді. Олар бұрынғыша 40 теңге төлейтін болады. Қолма-қол төлем жасайды.

Қарттар тегін жүретін болады. Бірақ, арнайы санаттағы жандар ғана.

Әсем Айтолла,  қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бұрын 80 және 80 жастан асқан азаматтарға жеңілдік жасалған болатын. Олар арнайы құжаттармен тегін жүрді. Бұл сұрақ қазіргі таңда қарастырылуда. Сондықтан, 80 және 80 жастан асқан азаматтар әзірге тегін жүретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұрындары “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының шешімен бірнеше санатқа енген жандар ақысыз негізде қатынады. Ертеңнен бастап олардың барлығының билеті жүруге жарамыз деп танылмақ. Тек 80 және 80 жастан асқан азаматтардың құжаттары жарамды күйде қалады. Ал, жақында әкімдікпен әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдерінің тізімі әзірленгені мәлім. Бұл – 10 мыңға жуық адам. Бүгінгі күнге дейін осы жандардың 2 мыңға жуығы тегін жүру картасын алыпты. Қалғандары рәсімдеу үстінде. Сонымен қатар, 6 мыңнан астам кісі транспорттық карта сатып алған.

Байболат Култанов