Қоғам

Заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді

Бүгін заңгерлер акцияны әдеттегідей нысан ішінде емес, қаламыздың басты көшесінде өткізіп жатыр. Ашық аспан астында қаз-қатар тізілген мамандарға біраз адам жүгінді. Арасында Мухамеджан Гарипов та бар. Жерлесімізді қаржы саласына қатысты мәселе толғандырады.

Мухамеджан Гарипов, қала тұрғыны:

– Мені депозитке қатысты сұрақтар мазалаған болатын. Заңгер Конституцияға сүйене отырып кеңес берді. Туындаған мәселенің шешімін қалай табу керектігін айтты.

Шараға заңгерлерден бөлек, волонтерлер де қатысып жатыр. Оларға жүгінген келушілердің басым бөлігі еріктілердің қатарына қалай қосылуға болатындығын сұрауда.

Анастасия Волкова, СҚО ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму және ақпараттық орталығының бөлім басшысы:

– Бүгінгі шараның өтетендігі туралы әлеуметтік желілерде де алдын ала хабарлаған болатынбыз. Мұнда келе алмаған тұрғындар сұрақтарын әділет департаменттің және еріктілердің жеке парақшасына жазып жатыр. Барлығының сауалына жауап беруге тырысудамыз. Заңгерлер тегін кеңес береді.

Айта кетейік, ашық аспан астындағы акция алдағы Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

Маржан Касымбек